今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 854 мыңнан асты

17 九月 2021 08:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 854 мыңнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram парақшасына сілтеме жасап.

16 қыркүйектегі эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда ПТР тестінің оң нәтижесі бар коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 081 жағдай тіркелді.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 854 742 жетті.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында – 338

Алматы қаласында – 651

Шымкент қаласында – 102

Ақмола облысында – 170

Ақтөбе облысында – 224

Алматы облысында – 252

Атырау облысында – 98

Шығыс Қазақстан облысында – 114

Жамбыл облысында – 71

Батыс Қазақстан облысында -103

Қарағанды облысында – 392

Қостанай облысында – 140

Қызылорда облысында – 64

Маңғыстау облысында – 40

Павлодар облысында – 198

Солтүстік Қазақстан облысында – 72

Түркістан облысында - 52.


回到顶部