今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Елім үшін егілемін» азаматтық штабының бастамашыл тобы жиын өткізді

16 九月 2021 19:27

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Елім үшін егілемін» азаматтық штабының бастамашыл тобының мүшелері Ақмола облысына коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жүргізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетауда өткен баспасөз конференциясында өңірде вакцинация науқанының барысы, вакцинация алмаған адамдарға коронавирустің қаупі туралы түсіндіріп, журналистердің саұрақтарына жауап берді.




«Қазіргі уақытта өңір «қызыл» аймақта қалып отыр, соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 178 жағдайы тіркеледі, яғни өсім 0,5 пайызды құрады. Өңірде вакцинаның бірінші компонентімен 275 220 адам егілді, бұл тек 66 пайыз ғана. Екінші компонентті 236 869 адам алды, бұл 57 пайыз ғана. Ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін бұл әлі де аздық етеді«, - деді ҚР Премьер-Министрі орынбасарының баспасөз хатшысы, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Сонымен бірге, баспасөз мәслихаты барысында заңгер, Қазақстан заңгерлер одағының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының төрағасы, азаматтық штаб мүшесі Серік Беркамалов, эпилемиолог, «Ел үшін егілемін« азаматтық штабының қатысушысы Айнагүл Қуатбаева, акушерия және гинекология орталығының тәуелсіз директоры (Алматы қ.) Аида Әлжанова, репродуктолог, медицина ғылымдарының докторы Вячеслав Локшин, «Қоғамдық бақылау және мониторинг« республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Саида Тәукелева онлайн режимде журналистердің вакцинация және Ashyq жобасына қатысты сауалдарына жауап беріп, өз пікірлерімен бөлісті.




Еске сала кетейік, өңірге сапары барысында бастамашыл топ Көкшетау қаласындағы «Асыл Арман» ЖШС (Новопэк) және «Көкшетау сүт зауыты» ЖШС кәсіпорындарына барып, ұжыммен кездесті. Онда вакцинациялау науқанының барысы талқыланды, түсініктемелер мен тәжірибелік ұсыныстар берілді.




Бүгінгі таңда «Асыл Арман» ЖШС және «Көкшетау сүт зауыты» ЖШС қызметкерлері коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация алған өңірдегі кәсіпорындардың көшбасында келеді. Мұндағы вакцинацияланған қызметкерлердің үлесі 80 пайыздан асады, бұл осы кәсіпорындарға ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға, COVID-19 ауруының жағдайларын болдырмауға және өндірістің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.





回到顶部