今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елде инфляцияның өсіміне не себеп және ол қашан реттеледі – Ұлттық банк жауабы

26 七月 2021 15:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда инфляцияның өсімі уақытша, сондай-ақ орнықты ішкі және сыртқы факторлардың теріс ықпалынан туындады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов ҚазАқпарат тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында мәлім етті.

«Біріншіден, жанар-жағармай, электр қуаты және жекелеген азық-түлік тауарлары едәуір қымбаттады. Көптеген позициялар бойынша бағаның өсу қарқыны екі таңбалы санмен есептеледі. Тұтынушылық сұраныстың қалпына келуі инфляцияның өсуіне ықпал етті», - деді А. Баймағамбетов сұхбат барысында.

Оның айтуынша, екінші себеп - Ресейден келетін «инфляция импорты» ішкі бағаларға қосымша қысым көрсетіп отыр.

«Көрші елде де баға тез көтеріліп жатыр – онда инфляция 6,5%-ға дейін жылдамдады. Бұл – соңғы 5 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Бұған жауап ретінде Ресейдің Орталық банкі мөлшерлемені 6,5%-ға дейін бірден 100 базистік тармаққа көтеру жөніндегі соңғы шешімді қосқанда, соңғы айларда негізгі мөлшерлемені бірнеше рет көтерді. Үшіншіден, көптеген елдерде инфляцияға әсер ететін жаһандық факторлардың бірі – шикізат пен азық-түлік тауарларына әлемдік бағаның өсуі. Азық-түліктің әлемдік баға индексі шамамен бір жыл бойы өсіп келе жатқанын біз байқап отырмыз, бұл тамақ өнімдерінің барлық негізгі санаттарына белсенді сұранысты көрсетеді», - дейді ол.

Сондай-ақ, басқарма төрағасы Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамына сәйкес аталған үрдіс 2022 жылы да жалғасады деген пайымды алға тартты.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 9%-дан 9,25% дейін көтерді.

Айта кетейік, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетовтың ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатын төменде тамашалауға болады.



回到顶部