今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Экологиялық акция: Қазақстанда 11 мың тоннадан астам қоқыс жиналды

21 九月 2021 12:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның барлық өңірлерінде «World CleanUp Day 2021» Дүниежүзілік акциясы өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат Экология министрлігіне сілтеме жасап.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ұйымдастырған шараға 18 мыңнан астам адам қатысты. Жиналған қоқыс көлемі 11 мың тоннадан асты. 23 мың гектар аумақ жиналып, 1800-ге жуық ағаш отырғызылды.

Биыл бүкіл ел бойынша тазалау үшін мыңнан астам орын анықталды. Нұр-Сұлтан қаласындағы негізгі алаң Алматы ауданындағы Нұра-Есіл каналының бойындағы учаске болды.

«World CleanUp Day» Бүкіләлемдік акциясы қоқысты жинауға ғана емес, оны сұрыптап, қайта өңдеуге де бағытталған. Сұрыпталған қоқыстардан биылғы жылы қайта өңдеуге шыны, пластик, резеңке, қағаз, картон, металл сияқты екі мың тонна қалдық тапсырылды.

Мұндай акциялар халық арасында экологиялық мәдениетті одан әрі қалыптастырып, қоршаған ортаға құрметпен қарауға үйретеді әрі жастардың туған жерінің табиғатын құрметтеуіне ынта береді.


回到顶部