今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Екібастұздың экологиялық жағдайын жақсарту жоспары баяндалды

21 九月 2021 10:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет отырысында Екібастұз қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарын таныстырған ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев шаһардың экологиялық жағдайын жақсарту үшін қандай шаралар қолға алынатытын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаланың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында Кешенді жоспар жобасы атмосфералық ауаға шығарындыларды азайту жөніндегі кәсіпорындарды жаңғырту міндеті қойылған. Сондай-ақ, қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауды енгізу, қоқыс тастайтын жерлерді жою және тағы басқа да іс-шаралар көзделген», - деді ведомсто басшысы.

Әсет Ерғалиев 2025 жылға қарай қала аумағындағы өнеркәсіп көлемін 22%-ға арттыру жоспарланғанын айтты.

« Бұл шағын және орта бизнес шығаратын өнімнің өсімін 38,2%-ға жеткізеді. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2025 жылға қарай бес есеге өседі», - деді Ұлттық экономика министрі.

Еске салсақ, бүгінгі Үкімет отырысында Екібастұзды дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жсопары мақұлданған болатын.


回到顶部