今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Доллар бағасы тағы арзандап, 415 теңгеден саудалануда

25 五月 2022 15:42

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1, 67 теңгеге арзандады. 1 доллар 415, 12 теңге болды.

Ұлттық банктің 25 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 416, 91 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 415, 34 теңге, сатып алу – 419, 17 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 413,19 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 416, 56 теңге.

Еске салсақ, кеше қор нарығында доллар 416 теңгеден сатылған еді.



回到顶部