今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ДДҰ электронды темекінің таралымын шектеуге шақырады

27 七月 2021 23:41

ЖЕНЕВА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы электронды темекінің таралымын шектеуге шақырды. Бұл туралы сейсенбіде жарияланған ДДҰ сегізінші баяндамасында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Электрондық темекіні балалар мен жасөспірімдерге темекі және онымен байланысты салалардың өндірушілері сатады. Бұл жолда олар мыңдаған тартымды хош иістерді қолданады.

Ұйым, атап айтқанда үкіметтерді темекіге қарсы тиісті саясатты қабылдауға, қоғамды электронды темекінің зияндылығынан қорғау және олардың балаларға, жасөспірімдерге және басқа да осал топтарға таралуына жол бермеуге шақырды.

ДДСҰ-ның бағалауы бойынша, темекі шегетіндердің жалпы саны - 1 млрд. Олардың шамамен 80% -ы экономикасы төмен және орташа елдерде тұрады. Темекі жылына 8 миллион адамның өліміне себеп болады.

回到顶部