今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бүгін 5 қалада ауа сапасы нашарлайды

28 十一月 2021 07:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 28 қарашада еліміз қалаларында қалыптасатын метеорологиялық ахуал туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктер мәліметінше, жексенбі күні ауа сапасы Алматы, Шымкент, Қарағанды, Теміртау және Жезқазған қалаларында нашарлайды.

Өзге шаһарларда метеожағдай норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



回到顶部