今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

БҚО-да коронавирус жұқтырған 270-тен астам науқас стационарда жатыр

26 一月 2022 13:40

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 273 науқас 729 төсектік 12 инфекциялық стационарда ем алып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткеніндей, стационарлар 37,4 пайызға толған.

Соның ішінде Орал қаласында 556 төсектік 6 ауруханада 260 адам емделуде.

Жансақтау бөлімшесінде жатқан 15 науқастың жетеуі инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратына, сегізі оттегі концентраторына қосылған.

Өңірде 2005 резервтік (1130-ы инфекциялық, 875-і карантиндік) төсек-орын әзірленді.

Облыс бойынша пандемия басталғаннан бері 44 828, соның ішінде биыл 4758 адам коронавирус жұқтырды. Соңғы тәулікте 420 адамнан індет табылды.

Басқармадан түскен мәліметке қарағанда, 264 252 адам (егілуге тиісті тұрғындардың 63,8 пайызы) вакцинаның бірінші, 248 044-і (59,9 пайызы) екінші компонентін салдырды.

Сондай-ақ 36 427-сі ревакцинациядан өтті. 7955 адам Pfizer вакцинасын қабылдаса, соның 4108-і – жасөспірімдер, 282-сі – жүкті, 3565-і – бала емізетін әйелдер.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысында 310 баладан коронавирус анықталғанын жазған болатынбыз.


回到顶部