今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Бір күнде 4 мыңға жуық алматылық вакцина алды

26 十月 2021 11:01

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 3953 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«25 қазан күні 3953 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін - 1472, II компонентін – 2481 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 25 қазан аралығында қалада 988 513 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 929 284 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 120 203 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 137 пункт жұмыс істеп тұр. 733 адамнан тұратын 205 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


回到顶部