今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Батыс Қазақстанда соңғы аптада коронавирус жұқтырғандар саны 10,2 пайызға төмендеді

18 十月 2021 14:56

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында соңғы аптада коронавирус жұқтырғандар саны 10,2 пайызға төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, алдыңғы аптада (4-10 қазан) 372 адамнан індет табылса, 11-17 қазан аралығында 334 науқас тіркелді.

Департамент мәліметіне қарағанда, сары аймақта тұрған өңірде 1 қазаннан бері 902 адамнан коронавирус анықталды.

Соның 57 пайызы (512) ЖРВИ белгілерімен тексерілсе, 28 пайызы (249) үй ошағында ауру жұқтырған. 15 пайызы (131) профилактикалық мақсатта, 1 пайызы (10) стационарға жатқызар алдында сынама тапсырған.

КВИ 41-60 жас аралығындағылар арасында көбірек (248) кездесіп отыр.

Соңғы төрт күнде тіркелген 201 науқастың 128-інде ауру белгілері болса, 73-і – симптомы жоқтар.

Пандемия басталғаннан бері облыста 38 374 адамның 31 026-сы жазылып шықты. 795-і көз жұмды.

Солардың ішінде 19 200-і Орал қаласы, 5146-сы Бәйтерек, 4658-і Бөрлі, 1755-і Теректі, 1399-ы Ақжайық, 1192-сі Шыңғырлау, 1100-і Казталов, 1071-і Тасқала ауданының үлесіне тиеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 25 науқастың жансақтау бөлімінде жатқанын, 33 мыңнан астам адамның тұмауға қарсы егілгенін жазған едік.





回到顶部