今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Батыс Қазақстанда автокөлік аударылып, жүргізуші қаза тапты

20 六月 2021 20:05

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында автокөлік аударылып, жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 20 маусым күні Бөрлі ауданы Пугачев ауылы маңында болды.

Шамамен жергілікті сағат 15:30-да Toyota Hilux автокөлігінің 72 жастағы жүргізушісі жолсызбен келе жатып, аударылып қалған.

Жол апаты салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда автокөлік пен мотоцикл түйісіп, екі жүргізуші қаза тапқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ БҚО полицейлері жоғалып кеткен 26 жылқыны тауып, иелеріне қайтарды.

回到顶部