今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Бас прокуратура: Ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша 695 тергеу басталды

18 一月 2022 12:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елдегі тәртіпсіздіктерге байланысты «ауыр» және «аса ауыр» қылмыстар бойынша 695 сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі Азамат Сарғазин орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.

«Ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша 695 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оның ішінде 44 - терроризм актілері бойынша, 15 – кісі өлтіру бойынша, 6 іс - насихаттау фактілері және билікті басып алуға шақыру бойынша. Күдікті ретінде 780 адам ұсталды. Оның 695-ін сот қамаққа алды. Бұл істердің ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жататынына тағы да назар аударығым келеді», - деді Бас прокурордың аға көмекшісі.

Бұған дейінгі брифингілердің бірінде Бас прокуратура төтенше жағдай режимі кезінде құқық қорғау өкілдерінің әрекетіне байланысты елдегі 32 арыз түскенін мәлім еткен болатын.

Құзырлы орган тәртіпсіздіктер мен террористік шабуылдан қаза болғандардың жалпы санын атаған еді.


回到顶部