今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Балқашта «Сарыарқаның көшпелі мәдениеті» фестивалі өтті

17 九月 2021 15:20

БАЛҚАШ. ҚазАқпарат – Балқашта «Сарыарқаның көшпелі мәдениеті» облыстық фестивалі өтті. Іс-шара алғаш рет ұйымдастырылып отыр және Қарағанды облысының барлық өңірлерін қамтиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фестиваль ұйымдастырушылары – облыстық бос уақыт және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы және мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы қазақ халқының мәдениетін шығармашылық, музыка, қолөнер, ойын және спорт арқылы көрсетуді мақсат етеді.

«Шараға орай М. Хамзин атындағы Балқаш мәдениет сарайы ұлттық нақышта безендірілді. Келушілер назарына «Шеберлер қаласы» халық қолөнершілерінің экспозициясы ұсынылды. Мұнда киіз кілемдерді, текеметтерді, зергерлік бұйымдарды, ұлттық костюмдерді және т. б. көруге болады. Сондай-ақ ұлттық тағамдар көрмесі өтті. Жергілікті спортшылар қазақ күресі, асық ату және тоғызқұмалақ ұлттық спорт түрлерінен өз шеберліктерін көрсетті», - деп мәлімдеді Балқаш қаласы әкімдігінде.

Қазылар алқасы балқаштықтардың шығармашылық дарындарын да бағалады.

«Сайын далам – Сарыарқа» театрландырылған қойылымына әншілер мен айтыскерлер қатысты.

Қыркүйек айында «Сарыарқаның көшпелі мәдениеті» Осакаров, Бұқар жырау, Нұра, Абай аудандарында, сондай-ақ Қарағанды мен Теміртауда өтеді.

Фестиваль аяқталғаннан кейін үздік шеберлер мен орындаушылар желтоқсан айында облыс орталығында өтетін гала-концертте өз өнерлерін көрсетеді.

















回到顶部