今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Балаларына алимент төлеуден қашып жүрген әйел Өзбекстаннан табылды

26 十月 2021 14:38

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысының полициясы алимент төлеуден жалтарып жүрген 192 адам мен 95 борышкердің жүрген жерін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл Павлодар облысындағы көші-қон полициясының қызметкерлері алимент төлеуден жалтарып жүрген 192 адам мен 95 борышкердің жүрген жерін анықтады», - деп баяндады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Осылайша, алимент төлемей, 2019 жылдан бері іздеуде болған 27 жастағы ер адам Алматы қаласынан табылды.

Сонымен қатар, алимент төлеу әйел адамға жүктелетін жағдайлар да жиі кездеседі.

«Шымкент қаласында тұрған әйел осындай жағдайға түскен. Ол Өзбекстаннан табылды. Бұрынғы күйеуі – Успен ауданының тұрғыны заңды жұбайын тауып беру өтінішімен полицияға шағымданған», - деп қосып өтті облыстық полиция департаментінен.

Павлодар облыстық полиция департаменті көші-қон басқармасы бастығының орынбасары Қазбек Ахметовтің ықылассыз ата-аналар мен жосықсыз борышкерлерді іздеуге көп күш пен қаражат жұмсалатынын айтты.

«Жылдың басынан бері алимент және қарыз төлеуден жалтарып жүргендерді табу үшін полицейлер түрлі мекемелерге шамамен 700 сұрату салған. «Автопоток» және «Интегра» автоматтандырылған жүйелеріне көлік құралдары туралы мәліметтер енгізілді», - деп мәлімдеді ол.

Бұдан басқа, Қазақстан асып кеткен борышкерлерге қатысты хаттар сол елдердің ішкі істер органдарына хаттар жолданды, деп атап өтті Қ.Ахметов.


回到顶部