今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

БАӘ-да маймыл шешегін жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді

25 五月 2022 14:34

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірліктерінде маймыл шешегінің алғашқы жағдайы тіркелді. Вирусты денсаулық сақтау органдары Батыс Африкадан келген 29 жастағы әйелден анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат WAM агенттігіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта ауру жұқтырған әйелге қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Министрлік ел халқын БАӘ денсаулық сақтау органдарының барлық қажетті шараларды, соның ішінде тергеу, науқаспен байланыста болған адамдарды іздеу және әйелдің денсаулығын бақылауды қолға алып жатқанына сендірді.

Бұл жағдай маймыл шешегін жұқтыру оқиғалары әлемнің бірнеше елінде тіркелгеннен кейін іске қосылған ерте бақылау жүйесінің бөлігі ретінде анықталды.

«Біз тұрақты тиімділікті қамтамасыз ету және халықты жұқпалы аурулардан қорғау, оларды жылдам анықтау үшін жоғары әлемдік тәжірибеге сәйкес эпидемиологиялық қадағалау жүйесін енгізу үшін денсаулық сақтаудың басқа органдарымен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Сондай-ақ, елде барлық аурулар мен вирустар, соның ішінде маймыл шешегі вирусының таралуын шектеу бойынша жұмыс жүргізудеміз», - деп мәлімдеді ведомстводан.

«Министрлік жергілікті эпидемиологиялық қадағалауды күшейтіп, маймылдың дүниежүзінде таралуын мұқият қадағалап отыр. Әмірліктердегі барлық медициналық мекемелерге вирустың жергілікті жерде таралуын болдырмау үшін кез келген күдікті жағдайлар туралы хабарлау тапсырылды», деп хабарлайды Khaleej Times.

«Біз инфекцияға шалдықты деген күдікке ілінген науқастарды диагностикалаудың нақты тетіктерін енгіздік. Оған қоса, пандемияға қарсы техникалық консультативтік топ эпидемиялық қадағалау, ауруды ерте анықтау, вирус жұқтырған науқастарды клиникалық тексеру және сақтық шаралары бойынша кешенді нұсқаулық дайындалды», - деді министрліктен.

Бұл механизм күдікті жағдайларды анықтау, олардың таралуын болдырмау және ерте емдеуді қамтамасыз ету бойынша белсенді қадамдарды қамтиды.

Ведомство тұрғындарды өсек-аяң таратпай, ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға шақырды.

24 мамырдағы жағдай бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегін жұқтырудың расталған және күдікті 250-ден астам жағдайын тіркеді.

Бұған дейін БАӘ денсаулық сақтау органдары маймыл шешегі вирусының негізінен Орталық және Батыс Африканың тропикалық ормандарында кездесетінін, кейде басқа аймақтарға таралатынын мәлімдеген.

Ауру адамға науқас адаммен немесе жануармен жақын байланыста немесе вируспен ластанған материалдар арқылы жұғады.

Вирус бір адамнан екінші адамға зақымданған ошақтар, денедегі сұйықтық, ауа тамшылары және төсек-орын сияқты ластанған материалдармен тығыз байланыс арқылы таралады. Маймыл шешегі сирек кездесіп, әдетте жеңіл түрде өткенімен, салдары ауыр дертке әкеліп соқтыруы да ықтимал.

Вирустың инкубациялық кезеңі әдетте 7-ден 14 күнді құрайды, бірақ кей жағдайда 21 күнге дейін созылуы да мүмкін.


关键词: Әлем, БАӘ, Медицина,
回到顶部