今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Азияның әлемдік экономикадағы рөлі айтарлықтай артты – Қазақстан Президенті

27 一月 2022 17:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Азияның әлемдік экономикадағы рөлі айтарлықтай артты. Бұл туралы «Орталық Азия – Үндістан» саммитінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы саммиттің біздің елдер арасында дипломатиялық қатыныстардың орнауына 30 жыл толған мерзімде өтіп жатқаны символдық мәнге ие», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті осы жылдар ішінде тараптар сындарлы саяси диалог орнатқанын, тұрақты түрде экономикалық әрі гуманитарлық байланыстар нығайтылғанын атап өтті.

«Азия өңірі ауқымды ресурстарға және елеулі зияткерлік әлеуетке ие болып отыр. Осында маңызды көліктік дәліздер мен жылдам өсіп келе жатқан нарықтар шоғырланған. Азияның әлемдік экономикадағы рөлі айтарлықтай артты. Ол инвестиция мен капталдың тартылуының жаһандық жаңа орталығына айналып келеді. Бұл өз кезегінде біздің елдер арасында өзара тиімді ынтымақтастықтың қолайлы мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін үлкен перспективаны ашып отыр. Бірінші кезекте ол саудаға қатысты болып тұр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жиынға Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди бастамашы болды.

Онлайн өтіп жатқан талқылауға Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жаппаров, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысып жатыр.


回到顶部