今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әзербайжанда әскери тікұшақ апатқа ұшырады

30 十一月 2021 15:13

БАКУ. Trend-ҚазАқпарат – Әзербайжанда әскери тікұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Trend агенттігіне сілтеме жасап.

Тікұшақтың құлағанын Әзербайжанның Мемлекеттік шекара қызметі мен Бас прокуратурасы растады.

30 қараша күні жергілікті уақытпен сағат 10:40 шамасында Мемлекеттік шекара қызметінің тікұшағы «Бибиэйбат» авицаиялық полигонында оқу-жаттығуы кезінде апатқа ұшырады.

Тікұшақ экипажы мүшелерінің арасында қаза тапқандар мен жарақат алғандар бар. Оқиға орнында Мемлекеттік шекара қызметі мен Бас прокуратураның басшылық құрамы жүр. Осы жағдайға байланысты бірлескен тергеу жүріп жатыр.


回到顶部