今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Айбек Дәдебаев балабақша қызметкерлерімен кездесті

25 五月 2022 21:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқапарат - Президент іс басқармасының басшысы Айбек Дәдебаев «Қарлығаш» балабақшасы қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін түстен кейін Президент Іс Басқармасы Медициналық орталығының ведомстволық қарасты ұйымы – «Қарлығаш» балабақшасы қызметкерлерінің жұмысымен және еңбек жағдайымен таныстым. Балаларды оқытатын және дамытатын ойын, спорт, даму бөлмелерін аралап шықтым. Балалардың шығармашылық идеяларын жүзеге асыратын Реджио-ателье зертханасы ерекше екен. Одан кейін балабақша ұжымымен кездесу өтті. Педагогтарды әлеуметтік сипаттағы, жұмыс процестерін ұйымдастыру мәселелері толғандырады. Әрбір тақырып мұқият зерттеліп, тиісті жауап берілетін болады», - деп жазды Айбек Дәдебаев Телеграм каналында.

Ол Кәсіпорынның басты ресурстарының бірі – жоғары білікті мамандар екенін айтты. «Отандық мектепке дейінгі білім берудің сапасын арттыру мақсатында «Қарлығаш» балабақшасы өз тәжірибесімен еліміздегі өзге мектепке дейінгі мекемелермен бөлісуде», - деп толықтырды ол.




















回到顶部