今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Аяужан Әшімова: Президент халықты толғандырған мәселелерден хабардар екенін көрсетті

13 一月 2022 23:43

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – «Ұлағат» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Аяужан Әшімова ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісінің отырысында жасаған мәлімдемесіне қатысты өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы ең негізгі деген барлық салаға тоқталып, ел тұрғындарын толғандырған мәселелерді түгел айтты. Оның ішінде утильдік алым, байлар мен кедейлер арасында үлкен алшақтық барын алғаш рет мәлімдеп, мұғалімдер мен жастарға қатысты сөз қозғады. Өзім жастар қоғамдық ұйымының жетекшісі болғандықтан маған Президенттің білім сапасын арттыруға қатысты қойған міндеттері ерекше әсер етті», - дейді Аяужан Әшімова.

Оның айтуынша, қазір мемлекет пен қазақстандықтардың алдында жастар саясатын жолға қойып, осы уақытқа дейін жіберілген олқылықтарды түзеп қана қоймай, келешекте мұның алдын алу үшін қолдан келгеннің бәрін жасау міндеті тұр.

«Жастарымыз білімді болса, өз жолын тауып, елге пайдасын тигізеді. Тарихты білсе, өткеннің қателігін жасамайды. Бірақ ең бастысы, өскелең ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды сіңірсек, нағыз патриоттардың қалыптасатындығы анық. Қорыта айтқанда, Қасым-Жомарт Кемелұлы өз мәлімдемесінде халықты толғандырған мәселелерден хабардар екендігін көрсетті», – дейді «Ұлағат» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы.



回到顶部