今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ауыл шаруашылығы өнімдерін кепілді сатып алу шарты банктерде «тұрақты кепіл» деп танылады

19 五月 2020 09:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы өнімдерін кепілді сатып алу шарты банктерде «тұрақты кепіл» деп танылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында еліміздің экономикасын қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды таныстырған ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, агроөнеркәсіптік кешенді қолдау шаралары аясында форвардтық келісімшарттарды енгізу, ҚазАгро кредиттері бойынша мерзімін ұзарту және рестуктуризациялау жолымен қаржыландыру тетіктерін кеңейту жоспарлануда.

«Мұнан басқа ауыл шаруашылығы өнімдерін кепілді сатып алу шарты банктерде «тұрақты кепіл» деп танылатын болады. Субсидияланатын шикізат санатын кеңейту жоспарланып отыр. Пилоттық режимде «егістіктен сөреге дейін» қаржыландыру тетігі енгізіледі. Бұл - аграрлық өнімді тұрақты сатып алу және өткізу жүйесі», - деді Руслан Дәленов.


回到顶部