今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атыраулықтар коронавирусты көбіне қоғамдық орындарда жұқтырады

17 一月 2022 21:29

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраулықтар коронавирус инфекциясын адамдар көп жиналатын орындарда жұқтырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Гүлдана Бисембайдың айтуынша, коронавирус індетін жұқтырудың негізгі ошағы ретінде қоғамдық орындар анықталған.

«Соңғы аптадағы талдау көрсеткендей, науқастардың 64,4 пайызы коронавирусқа адамдар көп жиналатын орындарда шалдыққан. Ал 2,5 пайызы қоғамдық көлікте, қалғаны науқастармен жақын қарым-қатынас жасау арқылы жұқтырып отыр», - дейді Гүлдана Бисембай.

Еске салайық, бұдан бұрын Атырау облысында екі тәулікте 1,1 мың адам коронавирус жұқтырғанын хабарлаған болатынбыз.


回到顶部