今日天气
阿斯塔纳 31 °С
阿拉木图 35 °С
今日坚戈汇率
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атыраулық спортшы ауруханаға алғашқы оттегі концентраторын алып берді

14 七月 2020 06:26

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысының Исатай ауданындағы «Барыс» балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру клубының директоры Асхат Жұмабеков аудандық ауруханаға оттегі концентраторын сыйға тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Асхат Жұмабеков оттегі концентраторын Алматыдан арнайы алдырған. Бағасы –550 мың теңге.

«Қазіргідей қиын кезде дәрігерлер науқастарды емдеуде мігірсіз еңбек етуде. Менің ата-анам да осы салада ұзақ жыл еңбек еткендіктен, дәрігерлердің тынымсыз жұмысының ауырлығын жақсы білемін. Алайда, дәрігерлерге де кейде мүмкіндігі бар азаматтардың қолдауы қажет-ақ», - дейді Асхат Жұмабек.

Аудандық аурухананың дәрігері Сержан Сәндібаевтың айтуынша, оттегі концентраторы –қазіргі кезде ең қажетті құрылғы.

«Бұл –біздің ауруханадағы алғашқы құрылғы. Үздіксіз оттегі бөліп тұратындықтан, оған ауа толтырудың қажеті жоқ. Осы кезге дейін бізде мұндай құрылғының жоқтығынан, науқастар арнайы оттегі баллондары арқылы тыныс алушы еді. Ал, мұндай баллондарды санаулы сағаттан соң ауыстырып тұру керек. Осындай оттегі концентраторының жоқтығы жанымызға бататын», -дейді дәрігер Сержан Сәндібаев.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау кәсіпкерлері ауруханаға 3,2 мың дана дәрі алып берген еді.


回到顶部