今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда «Жасыл ел» еңбек жасағының он жетінші маусымы басталды

17 六月 2021 00:03

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда «Жасыл ел» еңбек жасағының XVIІ маусымы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа маусымның ашылуы Жастар саябағында өтті. Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова «Жасыл ел» жасағының жұмысына сәттілік тіледі.

«Жасыл ел» еңбек жасағының жыл сайын маңызы артып, таныла түсуде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Жасыл ел» бағдарламасына биыл 17 жыл толып отыр. Атырау облысында соңғы 5 жылда 8 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды. Өткен жылы 1 мыңнан аса жас «Жасыл ел» бағдарламасына тартылды. Бұл – ең табысты және ауқымды әлеуметтік жобалардың бірі. Бұл – жастармен жұмыс істеудің өте маңызды құралы. Жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін оятып, өздерін туған жердің иесі ретінде сезінуге жетелейді» - деді Бақытгүл Хаменова.




Облыстық «Жасыл Ел» еңбек жасағының жетекшісі Абылай Құрметұлының мәліметінше, биыл 1 мыңнан астам жас атыраулық жұмысқа тартылады.

«Жаңа маусымға тіркеу онлайн-режимде жүргізіледі. Еңбек жасағына алынған жастар қолғаппен, бетпердемен қамтамасыз етіледі. Олар қашықтықты сақтап, жұмыс істейді. Еңбек жасағы сарбаздарының жалақысы 50 мың теңгеден асады», -дейді Абылай Құрметұлы.











回到顶部