今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атырауда тұрғын үйдің 3-қабатына ілініп тұрған 70 жастағы қария құтқарылды

22 五月 2022 01:47

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда көпқабатты үйдің 3-қабатынан 70 жастағы қария құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 21 мамырда болған.

Атырау қаласындағы «Нұрсая» шағын ауданында сағат 14:00 шамасында көпқабатты үйдің 3-қабатынан егде жастағы ер адам ілініп тұрған. Бұл туралы қалалық полиция басқармасының 102 арнасына хабар түскен.

«Осы дерекке байланысты учаскелік полиция инспекторлары, полиция капитаны Серік Жұмырғожиев пен полиция лейтенанты Аслан Аманғалиев аталған мекен-жайға жедел жетті. Полиция инспекторлары 3-қабатта тұрған 70 жастағы ер адамды құтқарып қалды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Кейін тәртіп сақшылары егде жастағы ер адам көпқабатты үйдің 3-қабатындағы пәтерінде кілттеніп қалғанын анықтады.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда кәріз құдығына құлаған 11 жасар бала ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған едік.



回到顶部