今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда иесіз жүрген жылқы дәмхана әйнегін сындыруға шақ қалды

30 十一月 2021 22:34

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда иесіз жүрген жылқы дәмхана әйнегін сындыруға шақ қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қаласының тұрғындары төрт түліктің көше кезіп жүретіні туралы бірнеше рет шағымданған еді.

Ал, бүгін Іnstagram желісінде иесіз жүрген жылқының дәмхана әйнегін тепкілеп тұрғаны түсірілген видео тарады.

Желі қолданушыларының пікіріне сүйенсек, бұл оқиға Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласында болған. Ал, дәмхана моноқаланың 3-шағын ауданында орналасқан. Сол кезде дәмхананың жұмыс істегені, не жабық тұрғаны белгісіз.

Видеоға байланысты желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп жатыр. Алайда, шаөар көшесінде жүрген жылқының иесі әлі табылмаған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда аялдаманың шыны қоршауын сындырған бұзақы іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.



回到顶部