今日天气
阿斯塔纳 24 °С
阿拉木图 20 °С
今日坚戈汇率
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Атырауда ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесіне рұқсат берілді

25 五月 2020 01:22

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесінөткізуге рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Атырау облысының бас санитарлық дәрігері Темірбек Мұсағалиевтің

қаулысында айтылған.

«Автосөрелер мен сатушы, сатып алушылар арасында ара қашықтықты сақтай отырып,

жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдері үшін ашық алаңдарда жәрмеңке өткізуге сағат

9:00-17:00 жұмыс уақыты аралығында рұқсат берілсін», -делінген қаулыда.

Сондай-ақ, сағат 09:00-22:00 аралығында гипермаркет, супермаркет, азық-түлік дүкендері, дәріхана, бірінші қажеттіліктегі тауарлар саудасы нысандарының жұмысына да рұқсат етіліп отыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда карантин режимі 8 маусымға дейін созылатынын хабарлаған едік.



回到顶部