今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысында 672 адам қайта вакциналаудан өтті

6 十二月 2021 23:05

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 672 адам қайта вакциналаудан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, Атырауда 23 қарашада тұрғындарды қайта вакциналау басталды.

Осыған байланысты алғашқылардың қатарында Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова ревакцинациядан өткен болатын.

«Қазір Атырау облысында қайта вакциналау тізіміне енгізілген адамдардың жалпы саны 2 286 адамды құрап отыр. Бұл биылғы 1-28 ақпан аралығында «Спутник – V» вакцинасын алған адамдар. Ревакциналауды 8 санаттағы адамдар алады. Оның ішінде педагогтер мен медицина саласының, құқық қорғау органдары мен арнайы мақсаттағы мекемелердің қызметкерлері, полицейлер мен студенттер, мемлекеттік қызметшілер бар. Сондай-ақ, бұл санатқа созылмалы сырқатымен есепте тұрған пациенттер кіреді. Өңірде 23 қарашадан бері 672 адам қайта вакциналаудан өтті», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында Рfizer вакцинасын 776 адам салдырғанын хабарлаған болатынбыз.


回到顶部