今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Астанада 9 мамырда берілетін біржолғы жәрдемақыны 111 мың теңгеге дейін көтеру ұсынылды

18 五月 2022 16:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 9 мамыр күніне орай берілетін бір реттік әлеуметтік төлемді 1 шілдеден бастап 20 айлық есептік көрсеткіштен 35 АЕК-ке дейін көбейту ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және бюджет жөніндегі тұрақты комиссияларының отырысында айтылды.

«Әлеуметтік қолдау шараларын күшейту мақсатында 9 мамырға қарай басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне берілетін біржолғы материалдық көмекті 20-дан 35 АЕК-ке дейін ұлғайту ұсынылады. Бұл шараның Ауғанстандағы әскери іс-қимылдарға қатысушыларға қатысы жоқ. Өйткені оларға берілетін төлемді бұған дейін көбейткен болатынбыз. Бұл норма тәжік-ауған шекарасында борышын атқарған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, Ирак пен Таулы Қарабақтағы бітімгершілік миссиясына қатысқан әскери қызметшілерге де қатысты болады. Осы қолдауды ұлғайтуға барлығы 86 млн 800 мың теңге көлемінде бюджет шығыны жоспарланып отыр», – дейді Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб.

Сондай-ақ, ол жалғыз баспанасынан айырылған азаматтарды қолдау шараларын 400 АЕК-ке, яғни, 1 млн 275 мың теңгеге дейін, отбасы мүшелері қайтыс болған жағдайда 140 АЕК-ке немесе 477 мың теңгеге дейін ұлғайту ұсынылатынын хабарлады.

Илья Скубтың айтуынша, аталған шаралардың бәрін іске асыру үшін елорда бюджетіне қосымша 99,3 млн теңге керек.

Айта кетейік, Алматыда ардагерлерге берілетін біржолғы жәрдемақы екі есе ұлғайған болатын.


回到顶部