今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ashyq жүйесін қолдана отырып жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз – астаналық кәсіпкер

30 七月 2021 22:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгінде елордада Ashyq жүйесі кеңінен қолданылып отыр. Аталған жүйе мемлекеттік органдармен қатар бизнес саласында да сұранысқа ие. Коронавирус індетімен күрес пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Ashyq-ты қолданушылардың бірі астаналық кәсіпкер, мейрамхана иесі Гүлбану Майғарина жүйені қолданудағы өз тәжірибесін бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз де басқа елдер секілді пандемия жағдайында өмір сүруге төселіп келеміз. Пандемия – жаһандық мәселе, сондықтан да мемлекетпен қатар, бизнес өкілдері де санитарлық талаптарды сақтай отырып, тіршілік етуі тиіс. Иә, пандемия салдарынан орта және шағын бизнес зардап шеккені рас, дегенмен қазір табыс көлемін емес, адам саулығын ойлайтын сәт. Осы орайда біз Ashyq жүйесіне алғаш қосылған қатысушылардың біріміз. Биыл қаңтар айында пилоттық режімде енгізілген сәттен бастап Қоғамдық тамақтану қауымдастығымен бірлесіп, рестораторлар арасында аталған жүйені насихаттап келеміз», - деді Гүлбану Майғарина.

Сондай-ақ, кәсіпкер Ashyq жүйесін енгізуде кедергілер болғанын да жасырмады.

«Әрине, Ashyq-ты енгізуде жұмысшылар және клиенттер тарапынан да белгілі бір деңгейде түсініспеушілікке тап болдық. Салдарынан 30 пайызға дейін келушілерден айрылдық. Жүйені енгізу айтарлықтай уақыт алды, есесіне қазіргі уақытта тұрақты түрде жұмыс істеп жатырмыз. Бүгінде мейрамханалар ішінде Ashyq жүйесін енгізуде 5 өңір көш бастап тұр, оның қатарында Алматы, Қарағанды, Павлодар, Өскемен және Семей бар. Ashyq жүйесі - қазіргі уақытта қауіпті мәртебесі бар адамдарды қоғамдық орынға кіргізбеудің таптырмас құралы. Ashyq жүйесін қолдана отырып кәсіпкер бар жауапкершілікті өз мойнына алады. Ол дегеніміз - санитарлық талаптарды сақтай отырып, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету», - дейді ол.

Сонымен қатар, мейрамхана иесі ортақ ережеге бағына отырып, індетті жеңу баршамызға қатысты екенін еске салды.


回到顶部