今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Артық төленген утиль алымды қайтаруға өтінім қабылдау басталды

26 五月 2022 11:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Жасыл даму» осы уақытқа дейін артық төленген утиль алымды қайтаруға өтінім қабылдауды бастады. Бұған дейін аталған компанияның ресми сайтында техникалық жұмыстың жүргізілуіне байланысты өтінім беру мүмкін болмаған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жасыл даму» АҚ recycle.kz ресми сайтында техникалық жұмыстардың аяқталғанын хабарлайды. Кәдеге жарату төлемін қалыптастыру үшін жеке кабинет жұмыс істейді», - делінген компанияның ресми таратқан ақпаратында.

«Жасыл даму» АҚ recycle.kz ресми сайтындағы жеке кабинетке кіру 25 мамырдан бастап штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Енді 2022 жылдың 14 мамырынан кейін утилизациялық алымды ескі мөлшерлеме бойынша төлеген жеке және заңды тұлғалар артық төленген сомасын қайтарып ала алады.

Ол үшін «E-otinish» электрондық платформасында электронды цифрлық қолтаңба арқылы өтініш беруі қажет.

Өтініште төлем тапсырмасын қоса бере отырып, қайтаруды жүзеге асыру үшін өтінімнің нөмірін, шоттың деректемелерін көрсетуі керек.

Айта кетейік, 3 мамырда «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде утиль алымның жаңа мөлшерлемесі жарияланған еді.


回到顶部