今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақтөбеде жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті

7 十二月 2021 20:06

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде 24 жастағы жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Ол ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 6 желтоқсан күні Ақтөбе қаласында болды. «ВАЗ-21099» автокөлігінің жүргізушісі Мәншүк Мәметова көшесінде 24 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

«Жол апатынан кейін көлік жүргізушісі белгісіз бағытқа қашып кеткен. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 32 жастағы жүргізушіні ұстады.

Медициналық сараптама қорытындысына сүйенсек, жүргізуші көлікті жеңіл дәрежедегі мас күйінде басқарған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші Ақтөбе қалалық жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды», - деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің «Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, таяуда ғана Ақтөбеде жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 10-сынып оқушысын көлік қағып кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды.


回到顶部