今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Корея Елшілігі Қазақстанның Таэквондо федерациясына спорттық құрал-жабдық сыйлады

3 十二月 2021 02:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі Қазақстан Таэквондо федерациясына спорттық құрал-жабдық табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Салтанатты шараға Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ку Хонг-сок, Қазақстан Таэквондо федерациясының вице-президенті Арман Шілманов және басқа қонақтар қатысты.

Елші Ку Хонг-сок Қазақстан таэквондо федерациясына спортпен айналысуға арналған келесі құрал-жабдықтарды – 25 қораптан тұратын қорғаныс шлемдерін, қорғаныс кеудешелерін, ракеткаларды және басқаларын тапсырды.

Бұл спорттық бұйымдар Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында орналасқан таэквондо спорт секцияларына, Нұр-сұлтан және Қостанай қалаларына жіберіледі.

«Кореяның таэквондо ілгерілету қоры ұсынған бұл спорттық құрал-сайман қазақстандық жастарға таэквондодағы дағдыларын жетілдіруге және Корея Республикасына қызығушылығын арттыруға көмектеседі деп үміттенемін. Корея Республикасы Қазақстан Республикасының стратегиялық серіктесі ретінде спорт саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ұмтылатын болады», - деді елші Ку Хонг-сок.

Өз кезегінде Қазақстан Таэквондо федерациясының вице-президенті Арман Шіллманов Корея Елшілігі мен Корея таэквондоны ілгерілету қорына спорттық құрал-саймандары үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, ол Қазақстанда осы спорт түрімен 20 мыңнан астам адам айналысатынын және олардың саны жыл сайын тұрақты өсіп келе жатқанын атап өтті.


回到顶部