今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Жастарымыздың санасында Қазақстан - әлем қауымдастығы әрқашан мойындаған ел

2 十二月 2021 12:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жастарымыздың санасында Қазақстан - әлем қауымдастығы әрқашан мойындаған, құрмет көрсетілетін ел. Мұндай пікірді ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры, ҚР ҰҒА академигі Зарема Шәукенова білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта Қазақстанның халық саны 19 миллионнан астам адамды құрайды және қазақстандықтардың жартысы тәуелсіз елде туып, бүкіл өмірін өткізіп жатыр. Олар тәуелділікте өмір сүрудің не екенін білмейді. Жас қазақстандықтың орташа келбеті оның адамдық және азаматтық құқықтарының мызғымастығына сенімділігімен сипатталады. Қазақстандық қыздар мен ұлдар өз болашағын таңдау құқығына шектеулердің болуы дегеннің не екенін білмейді. Жас қазақстандықтар «темір тордың» не екенін білмейді. Жастарымыздың санасында Қазақстан әлем қауымдастығы әрқашан мойындаған, құрмет көрсетілетін ел. Бұл да олардың еңбегі. Қазақстандық жастар өткеннің идеологиялық шаблондарынан ада, оларға бүкіл әлем, әлемдік өркениеттің – мәдениет, ғылым, техника барлық жетістіктері ашық. Біздің жас ғалымдарымыз, әншілеріміз, өнер қайраткерлері, спортшыларымыз – бәрі де Қазақстанның халықаралық аренадағы жаңа келбетін қалыптастыратын үлкен күш», - деді ол Елбасы аманаты: елдіктің жеті тұғыры» сараптамалық дөңгек үстел отырысында.

ҚСЗИ директорының атап өтуінше, Тәуелсіздік перзенттері дарынды, шығармашыл, прагматикалық және табаншыл. Олар өздеріне жоғары талаптар қойып, оны сәтті жеңе біледі. Қазақстандық жастардың жоғары сапасы – Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі. Сонымен қатар, жастардың өз құқықтары мен мүмкіндіктерін сөзсіз норма, табиғи жағдай ретінде қабылдауы Тәуелсіздіктің жас ұрпақ санасынан іргелі құндылық ретінде терең сіңгенін айғақтайды.

«Бұған 30 жылдық мерейтой қарсаңында «Тәуелсіздіктің мен үшін маңызы» атты ҚР АҚДМ бастамасымен жүргізіліп жатқан челлендж аясындағы қазақстандықтардың айтқан әңгімелері мысал болады. Жоба аясында азаматтар тәуелсіз елде өмір сүрудің өзі үшін не екенін айтады. Міне, кейбір дәйексөздерді келтірейін: «Тәуелсіздік дегеніміз – халықтың тіршілік етуі емес, ол рахатпен өмір сүруі»; «Тәуелсіздік» «азаттық», «әділет», «даму» деген сөздермен бір деңгейде; «Тәуелсіздік – бұл сөзсіз өзіне деген сенімділік және ішкі жан дүниеңмен үйлесімділік. Бұл дамуға, алға ұмтылуға, қайта қуаттану және энергияны басқалармен бөлісуге деген ыстық ықылас. Бұл өміріміздің құрылысшысы ретінде жауапкершілікті сезіну» Зарема Шәукенов.

Оның пайымынша, Тәуелсіздіктің аға ұрпақтың жүрегінде іргелі құндылық ретінде орын алуы да маңызды жетістік болды.

«Идеялар көпшілікке тарай отырып, мемлекеттер мен халықтардың тағдырына барынша шешуші әсер етуге қабілетті материалдық күшке айналды. Бұл постулат біздің Отанымыздың тарихында өз көрінісін тапты. 90-жылдардың басында орын алған әдеттегі идеологиялық құрылымның және қалыптасқан құндылықтар ауқымының күйреуі қоғамдағы «мәдени жарақат» белгілерінің көрінуіне негіз болды. Бұл сәйкестік дағдарысында, сенімсіздік синдромының пайда болуымен, тұрғындардың апатиясында көрініс тапты. Дәл осы Тәуелсіздікке деген сенім Қазақстан халқына экономикалық күйреу жағдайларына төтеп беруге және ең ауыр идеологиялық дағдарыстан, әлеуметтік енжарлық пен жеке бастың жеке мәселелері аясындағы оқшауланудан шығуға мүмкіндік берді. Тәуелсіздік бүкіл қазақ халқының рухының қайратына серпін берді», - деді ҚСЗИ директоры.


回到顶部