今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қоян-қолтық ұрыстан ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысы кубогының жеңімпаздары анықталды

1 十二月 2021 06:16

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының кубогы үшін қоян-қолтық ұрыстан VI ашық республикалық турнирдің финалдық жекпе-жектері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, мықтылар сыналатын жарыста жеңіске жету үшін Қарулы Күштер, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық ұлан, сондай-ақ еліміздің түрлі өңірлерінен келген спортшылар өз салмақ дәрежесінде бағын сынады.

Турнир жеңімпаздары: 55 келі салмақта Қорғаныс министрлігінің спортшысы Аман Шәкіртов, 60 келіге дейін, 65 келіге дейін, 75 келіге дейін, 85 келіге дейін және 90 келіден жоғары санаттарда ҚР ІІМ өкілдері – Асхат Жылысбеков, Ырысбек Байдуллаев, Айдын Төлепбаев, Асылбек Смайылов, Жеңіс Ердәулет. 70 келіге дейінгі дәрежеде Мемлекеттік күзет қызметінен Данияр Қойшыбек, 80 келіге дейін – Әуе қорғанысы күштерінің өкілі Жомарт Жәкетаев, 90 келіге дейін – Ұлттық қауіпсіздік комитетінен Демей Бексұлтан.

Турнир квалификациялық болып табылады – жеңіске жеткен спортшыларға «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағы беріледі.

Жалпы командалық есепте бірінші орынды Ішкі істер министрлігінің құрамасы, екінші орынды Мемлекеттік күзет қызметінің командасы, үшінші орынды Қорғаныс министрлігінің командасы иеленді.





回到顶部