今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атырау музейінде қос мереке қарсаңында экспозициялық залдар ашылды

1 十二月 2021 04:23

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан тарихы», «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда» экспозициялық залдары ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Салтанатты шараға қатысқан мәдениет және қоғам қайраткерлері, ғалымдарға экспозициялық залдардағы жәдіргерлер таныстырылды. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов іс-шараға қатысушыларды Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, Тәуелсіздіктің 30 жылында іске асырылған жобаларға тоқталады.












«Қастерлі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы – қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тәуелсіз мемлекет болып әлемдегі өркениетті елдер қатарынан көрінді. Елбасы-Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен мемлекетіміздің шекарасы шегенделіп, билік жүйесі қалыптасты, ұлттық валютамыз айналымға енді, Қарулы Күштеріміз құрылды, Ата заңымыз қабылданды, шет елдермен дипломатиялық қатынас орнады, еліміз беделді халықаралық ұйымдарға мүше болды. «Қазақстан – 2030», «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламалары қабылданып, озық дамыған отыз елдің қатарына қосылуды межеледік», - деді Махамбет Досмұхамбетов.





Әкімнің айтуынша, тәуелсіз мемлекеттің құрылуы мен нығаю тарихынан сыр шертетін материалдарды тоғыстырған, Елбасының өмір жолын баяндайтын тарихи деректер мен қайраткерлік қырын көрсететін мұрағат құжаттары топтастырылған «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан тарихы» экспозиция залының орны ерекше. Сондай-ақ Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында ашылған «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда» залының ұрпақ тәрбиесінде алар орны ерекше болмақ.





ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Еркін Әбіл ашылған залдың келер ұрпаққа маңызын айтып берді.

«Бүгінгі ашылған экспозиция тарихи сананы жаңғырту жолындағы кезекті қадам деп айтуға болады. Музей – тарихи жәдігерлерді сақтау ғана емес, өскелең ұрпаққа ата-бабамыздан қалған мұралар арқылы тәлім-тәрбие беруге арналған үлкен әлеуметтік нысан. Сондықтан бүгінгі іс-шараның маңызы зор деп білемін. Өйткені, ұжымдық тарихи жадымызды қалыптастыру арқылы ұлттық санамызды жаңғырта аламыз», - деді Еркін Әбіл.





Ал Қазақстанның Құрметті журналисі, өлкетанушы Төлеген Жаңабайұлы, «Сарайшық мемлекеттік музей-қорығы» мекемесінің директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбілсейіт Мұқтар, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Марат Қасенов өңірдегі тарихи қалалар мен көне Сарайшық туралы пікірлерін ортаға салды.

Еске сала кетелік, бұған дейін мереке қарсаңында Атыраудың Жылыой ауданында спорт кешені ашылғанын жазған едік.






回到顶部