今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

СҚО-да инфекциялық стационарларда КВИ жұқтырған 504 сырқат ем алып жатыр

30 十一月 2021 11:41

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында өткен тәулікте 500-ге жуық адамнан ПТР-тест алынып, 85 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде коронавирусты жұқтырған адамдар саны азайып келеді. 28 қараша күні 103 адамнан қауіпті инфекция анықталса, өткен тәулікте КВИ жұқтырудың 85 жаңа жағдайы тіркелді. Инфекциялық стационарларда жатқан сырқаттардың да саны төмендеген. Бір апта бұрын емдеу мекемелерінде 604 адам ем алса, қазір олардың саны 504-ке дейін азайды. Қазір жұқпалы аурулар стационарлары 30 %-ға жүктелген. Ал жансақтау бөлімшелерінде 46 науқас жатыр.

Өткен тәулікте бір адам коронавирустан көз жұмды, қайтыс болғандардың жалпы саны 369-ға жетті. Тек өткен бір аптада 10 адам көз жұмды.

СҚО-да пандемия басталғалы 32 833 адам коронавирус жұқтырды, 28 606 адам тәуір болып шықты.

Бұған дейін республика бойынша тек СҚО-ның ғана «қызыл» аймақта қалғанын айтқан едік.


回到顶部