今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Шикізат емес тауарлар экспорты 21,8 млрд  АҚШ долларына жеткізіледі - Атамқұлов

30 十一月 2021 10:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов 2025 жылы жаңа жобалар қандай нәтиже беретінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы алғанда, 2025 жылы жаңа жобаларды іске асыру және жаңадан шаралар қабылдау арқылы: өңдеу өнеркәсібінің жылдық көлемі 19,7 трлн теңгеге, өңдеу өнеркәсібінде негізгі капиталға салынатын инвестиция 3,5 трлн теңгеге, шикізат емес тауарлар экспорты 21,8 млрд АҚШ долларына жеткізіледі», - деді Б. Атамқұлов.

Оның айтуынша, технологиялық жағынан күрделі тауарлар өндірісін және экспортты арттыру есебінен Қазақстан экономикалық күрделіліктің әлемдік индексінде 69 орынға көтеріледі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, осы жылғы 10 айда өңдеу өнеркәсібі өткен жылға қарағанда 5,3 пайыз өсті.

2025 жылға дейін 13,3 трлн теңгеден астам сомаға өңдеу өнеркәсібінің 490 жобасы іске қосылады.


回到顶部