今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Елімізде томография қызметтерін тегін көрсету көлемі өсті

28 十一月 2021 17:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде компьютерлік және магниттік-резонанстық томография қызметтерін тегін көрсету көлемі артты. Бұл жайында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қалалық филиалынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда МӘМС жүйесі арқылы көптеген медициналық қызметтерді алу қолжетімді. Елімізде онкологиялық және жүрек-қан тамырлары ауруларының айтарлықтай жоғары көрсеткіштерін, сондай-ақ коронавирустық инфекциясымен ауырған науқастар көрсеткішін ескерсек, компьютерлік және магниттік-резонанстық томография қызметтерінің азаматтардың диагностикалық тексеруден өтуі үшін қаншалықты сұранысқа ие екендігі белгілі. Биыл осы КТ/МРТ бойынша қызмет көрсетушілер саны 26 және 21пайызға артты», - деп атап өтедіқор филиалынан.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізгенге дейін КТ және МРТ қызметтерін ұсыну тұрақты түрде қаржыландырылмайтын. Өз аймағының ауруханасында немесе емханасында кезекте тұрған азаматтар КТ немесе МРТ-дан өту мүмкіндігін кейде бірнеше айлар бойы күтетін. Ал 2020 жылы КТ бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызмет көрсетушілері 135 медициналық ұйым болса, биыл 190 медициналық ұйым бар. Өткен жылы МРТ қызметін жеткізушілер саны 95 болса, биылғы жылы 121 медициналық ұйым осы диагностика бойынша қызмет көрсетеді.

«Бұл үрдіс алдағы жылдары да жалғасады, өйткені Қор оларды нарыққа жақындату және жеке қызмет жеткізушілерді тарту мақсатында төлем тарифтерін көтеруді қолдайды. Қазір көптеген елді мекендерде КТ/МРТ жеке кабинеттері ашылуда, олардың кейбіреулері қызметтерге деген жоғары сұранысты ескере отырып, тәулік бойы жұмыс істейді. Нұр-Сұлтан қаласында МӘМС жүйесінде КТ қызметтері бойынша 17 медициналық ұйым және МРТ бойынша 11 медициналық ұйым жұмыс жасайды», - делінген таратылған ақпаратта.


回到顶部