今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қырғызстандық 73 млн теңгенің тауарын шекарадан заңсыз өткізбек болды

26 十一月 2021 14:45

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат –Алматы облысының кеден бекеттерінің бірінде жалған құжат рәсімделіп, шекарадан заңсыз шығарылған тауар тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қырғыз елінің азаматы балалар және спорттық аяқ киімдерді «Алтынкөл-Жол» кеден бекеті арқылы өткізіп, Қырғызстан Республикасына жеткізбек болған. Экономикалық контробанда фактісін Қаржы мониторингі агенттігі аумақтық департаментінің қызметкерлері анықтаған.

Ведомствоның хабарламасына сәйкес, заңсыз өткізілмек болған тауардың жалпы сомасы 73 млн теңге. Ілеспе құжаттарда жалған мәлімет көрсетіліп, тауарлар декларацияланбаған. Заңбұзушыға 2,2 млн теңге айыппұл салынып, тәркіленген тауар мемлекет кірісіне айналдырылатын болады.


回到顶部