今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Армения IT- технологияларды бірлесе дамытуды ұсынды

26 五月 2022 18:38

БІШКЕК. ҚазАқпарат – Армения премьер-министрі Никол Пашинян Еуразиялық экономикалық форумның жалпы отырысында ақпараттық технологияларды бірлесе дамытуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өз сөзінде Н. Пашинян географиялық алшақтығына қарамастан Арменнияның ЕАЭО-дағы барлық интеграциялық процестерге белсенді қатысатынын атап өтті.

«Қызмет көрсету саласына келсек, шынында қызметтер біздің одақ елдерінің экономикалық ынтымақтастығын дамытуда жаңа өсу нүктелерінің генераторына айналды. Бұл саланың экономикадағы рөлі үнемі өсуде және жекелеген қызмет түрлері өндіріс факторлары ретінде салалардың, өндірістің және экономика тауарларының бәсекеге қабілеттілігіне айтарлықтай әсер етуде. Осыған байланысты еуразиялық интеграцияның маңызды міндеті – еркіндік пен қызметтер қозғалысын қамтамасыз ету болып отыр. Бұл міндет саланы либеризациялау, қызметтердің бірыңғай нарығын қалыптастыру және оның жұмыс істеуі арқылы шешіліп жатыр, бұл өз кезегінде бизнесті жандандыру мүмкіндіктерін кеңейтеді», - деді Армения премьері.

Сонымен бірге Н. Пашинян телекоммуникацияны, оларға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін ақпараттық технологияларды дамытуға баса назар аударды.

«Ынтымақтастықтың маңызды бағыты – одаққа мүше мемлекеттердің IT-қоғамдастықтарының күш-жігерін шоғырландыру, бұл экономиканың жоғары технологиялық секторларын белсенді дамытуға және одақтың цифрлық міндеттерін толыққанды іске асыруға ықпал етеді. Технологиялар –экономикада серпіліс жасаудың бір мүмкіндігі. Дәл осы сала Армения үшін стратегиялық маңызға ие, өйткені бұл порттарды, теңізге шығуды және бай жер қойнауын қажет етпей-ақ дамытуға болатын салалардың бірі. Бұл үшін адами капитал қажет, ал бұл ресурспен Армения әрдайым ерекшеленіп келеді», - деді Никол Пашинян.

Айта кетейік, Бішкек қаласында Еуразия экономикалық форумының пленарлық отырысы өтіп жатыр. ОғанБішкекте ресми сапармен жүрген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Ал Ресей, Армения және Беларусь басшылығы аталған форумға онлайн режимде қосылды.


回到顶部