今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарды вакцина алуға шақырды

20 九月 2021 20:13

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда эпидемиологиялық жағдайы әлі де тұрақсыз. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметі бойынша, инфекциялық стационарларда 2775 науқас жатыр. Оның ішінде 109 бала.

Жансақтау бөлімінде – 266 науқас жатыр.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 5723 пациент бар.

«Вакциналанбаған тұрғындар қауіп аймағында тұр, сондықтан COVID-19-ға қарсы профилактикалық вакцинаны алу қажет. Әсіресе 60 жастан асқан тұрғындардың алғаны жөн, өйткені олардың арасында дерт жұқтырғандар 12%-ды құрайды. 20-39 жас аралығындары қала тұрғындары да қауіп аймағында. Осы санаттағы дерт жұқтырғандар 28%-ға жетті. 45-50 жас аралығында КВИ жұқтырғандар саны 24%-дан астам»,- деп хабарлады департаменттен.

Пандемия кезінде жеке қорғаныс шараларын сақтау маңызды, әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерде, жабық бөлмелерде, бетперде тағу қажет.

Эпидемиологиялық зерттеулері бойынша Алматыда дерт жұқтыратын негізгі орындар: отбасылық байланыс - 20,1%, сауда объектілері - 20,8%, оның ішінде базарлар - 9,1%, қоғамдық көліктер - 19,7%.

Жұқпалы аурулардың басталу маусымының алдында Алматы тұрғындары коронавирусқа қарсы вакциналанулары тиіс. Елдегі вакциналар жақсы зерттеуден өткендер.


回到顶部