今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыны шаңды дауыл басты

27 九月 2021 13:05

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыны шаңды дауыл басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін таңертең қаланың көптеген шағынауданын шаңды дауыл басып қалды. Жел ауаға шаң мен құмды көтерді.

Синоптиктер шаңды дауылдың жаз және күз айларында жиі болатын табиғи құбылыс екенін атап өтті.

Қазгидрометтің хабарлауынша, 27 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Фронталды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады, батыста қатты жаңбыр күтіледі.

Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады. Республиканың барлық аумағында күшті жел тұрады, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріліп, оңтүстікте, батыста найзағай ойнайды.









回到顶部