今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматылықтар КВИ-ді көбінесе қай жерлерде жұқтыратыны мәлім болды

25 一月 2022 15:41

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өткен жылдың наурыз айынан вакцина алғандардың тек 2,1% коронавирусты қайта жұқтырған. Бұл факт вакцинациялау қарқынын күшейтуді және халықтың КВИ-ге қарсы ревакцинациясын талап етеді. Бұл туралы Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері айтқандай, қазіргі уақытта қала тұрғындарының иммундық қабаты 62,4% құрайды. «Жас ерекшеліктеріне қарай науқастарға жүргізілген талдауға сәйкес, 20-39 жас аралығындағы адамдардың үлесі ең жоғары, яғни, 40% құрайды. Олардан кейін ең ауруға шалдығатын жас контингенті – 40-59 жастағы адамдар (26,7%), 60 жастан асқан адамдар (19,3%). Бұл ретте соңғы аптада 60 және одан жоғары жастағы адамдар арасында сырқаттанушылықтың тағы 1,6%, 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 0,6%, оның ішінде 1 жасқа дейін-0,3%-ға өсуі жалғасуда»,- деді дәрігер.

Қарлығаш Әбдіжаббарованың айтуынша, өткен аптада жұмыспен қамту бойынша талдау барысында бұрынғыдай жұмыс істемейтін және өзін – өзі жұмыспен қамтығандар (37,6%) ауруға шалдыққан, түрлі ұйымдар мен кеңселердің қызметкерлері (22,4%), зейнеткерлер (16,2%), мектеп жасына дейінгі балалар мен мектеп оқушылары-6% - дан жұқтырады. Банк қызметкерлері (2,2% дейін) және медицина қызметкерлері (1% дейін) арасында инфекция өсті. Халықтың басқа санаттары арасында инфекция 1% - дан аз.

Ауру жұқтыру зейнеткерлер арасында – 1,5% – ға, мектеп жасына дейінгі балалар арасында – 0,8% – ға, банк саласының қызметкерлері арасында-0,2% - ға, ұйымдар, ЖШС, ЖК арасында-0,1% - ға өскені байқалады.

КВИ жұқтыру деңгейі туыстарымен және көршілерімен байланыс кезінде – 1,7% – ға және жұмыс орны бойынша-2,4% - ға өсті, бұл көптеген ұйымдардың ұйым қызметкерлерінің 70% - ның онлайн-жұмыс форматына жіберу талаптарын елемегенін көрсетеді.

Инфекцияны жұқтыру ықтимал орындары бойынша инфекцияның өсуі метрода – 5,5% – ға, сауда ойын-сауық орталығы мен сауда үйлерінде және т.б. – 1,3% - ға, азық-түлік емес дүкендерде-0,7% - ға байқалады. Инфекция автобустарда, троллейбустарда – 8,5% – ға, «Ashyq» қатысушы объектілерінде – 4,5% - ға, азық-түлік дүкендерінде – 2,7% - ға төмендеді.

Өткен аптада сырқаттанғандардың 91%-дың негізгі жұқтыру орындары: сауда объектілері – 37,9%, қоғамдық көлік – 24,8%, отбасылардағы байланыстар – 18,4% және базарлар – 9,6% болып табылады.

Сондай-ақ, спикер Алматыда «Ashyq» жобасы бойынша 2021 жылдың 9 сәуірінен бастап бүгінге дейін 11 369 тұрғынның «қызыл» мәртебесі, 1 360 тұрғынның «сары» мәртебесі расталғанын атап өтті.

«Биыл қаңтар айының 6-16 аралығында 270 адам «қызыл» және 4 адам «сары» мәртебемен анықталды», - деді ол.


回到顶部