今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматылық дәрігер жасөспірімдер мен жүкті әйелдерді вакциналау қажеттігін түсіндірді

26 十一月 2021 19:58

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жасөспірімдер мен жүкті әйелдерге «дельта» штаммы аса қауіпті. Бұл туралы Алматыдағы №22 емхана бас дәрігерінің орынбасары Ақерке Жомарт Өңірлік коммуникациялар қызметінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда Pfizer (Comirnaty) вакцинасымен егу науқаны жалғасуда. Бүгінде 7300 жасөспірім, 700-ге жуық жүкті әйел және 2 400 бала емізетін ана коронавирусқа қарсы егілді.

«Вакцинациядан болатын асқыну қаупі олар қорғайтын аурулардан кейінгі асқыну қаупінен әлдеқайда аз. Сондықтан балаларын вакцинациялаудан бас тартқан ата-аналар оларды қорғай алмайды, басқа білім алушыларға қауіп төндіреді, бұл инфекцияның одан әрі таралуына ықпал етеді», - дейді дәрігер.

Дәрігердің айтуынша, бүгінгі күні балалар, жүкті және бала емізетін әйелдер арасында вакциналардың нашар төзімділігі туралы ешқандай пікір жоқ.

Спикер бала емізетін ананы вакциналау бала үшін қауіпті емес деп сендірді.

COVID-19-ға қарсы вакциналанған аналарда баланы инфекциядан қорғауға көмектесетін антиденелер қалыптасады.


回到顶部