今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан әуе кемесі әуежайға қайта оралды

17 十月 2021 20:03

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Алматы — Нұр-Сұлтан» рейсін орындап жатқан ұшақ техникалық ақауға байланысты ұшу орнына қайта оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Air Astana» әуекомпаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Air Astana әуекомпаниясының Embraer 190 Е2 ұшағын отырғызу штаттық режимде өтті.

Ұшақ ауыстырылғаннан кейін жолаушылар сағат 21:50-де елордаға қайта аттанады.

Қайтару себебі командир мен екінші ұшқыштың жол жылдамдығы индикаторы көрсеткіштерінің сәйкес келмеуі болды.

Техникалық жұмыстар жүргізілуде. Ұшу алдында ұшақ барлық қажетті тексерулерден өтті», - делінген хабарламада.

Аталған әуекомпанияның мәліметінше, Embraer 190 Е2 ұшақтары Қазақстан бойынша және көрші елдерге қатынайды. Алдыңғы Embraer 190 моделі флоттан шығарылды.

回到顶部