今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда жоғалған 15 жастағы жасөспірім ШҚО-да табылды

26 十一月 2021 16:39

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында Алматы қаласында жоғалып кеткен 15 жастағы жасөспірім табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 15 жастағы жасөспірім 22 қарашада анасымен жанжалдасып қалып, Катонқарағай ауданында тұратын досына хабарласқан. Оған Шығыс Қазақстанға келетінін айтып ескерткен соң, Алматыдағы ірі сауда орталықтарының бірінде смартфонын 180 000 теңгеге сатып жібереді.

«Содан кейін автобекет маңайындағы такси жүргізушісімен 15 мың теңгеге келісіп, Өскемен қаласына жолға шыққан. Ұлан ауданы Саратовка ауылына кіреберісте тәртіп сақшылары сол көлікті тоқтатты. Тексеру кезінде жолаушылардың бірі із-түзсіз жоғалған адам ретінде іздеуде жүргендігі белгілі болды», - делінген ақпаратта.

Жасөспірім бірден полиция бөліміне жеткізілген. Қазіргі уақытта 15 жастағы бала ата-анасы басқа қалада тұратындықтан, Өскемен қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Алдағы уақытта растайтын құжаттарды ұсынғаннан соң ол заңды өкілдеріне тапсырылады.





回到顶部