今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда желтоқсаншылардың құрметіне патриоттық әндер кеші өтті

4 十二月 2021 21:35

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қаласының «Алатау» дәстүрлі өнер театрының сахнасында «Бостандық жалыны» патриоттық әндер кеші өтті, деп хабаралйды ҚазАқпарат тілшісі.

Әншілер мен айтыскерлер 1986 жылғы оқиғаларды еске салатын әндерді орындады. Сахнада тәуелсіздік, Отан, Желтоқсан батырларына арналған әндер шырқалды.

Шараны ашқан Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев концерттің жастар арасында отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ, кеш қонақтары мен көрермендерді еліміздің басты мерекесімен құттықтап, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін айтты.

Патриоттық әндердің кешіне Рамазан Стамғазиев, Ұшқын Жамалбек, Өмірқұл Айниязов, Қорлан Қартенбаева, Гүлнар Байбосынова, Ғазизхан Шекербек және Алма Аманжолова, Әсет Есжан, Бибігүл Қилымхан, Нариман Әбдірахманов сынды өнер саңлақтары қатысты. Сондай-ақ, «Асыл домбыра» айтысының жеңімпазы Қазірет Бердіхан және «Алтын домбыра» айтыскерлер байқауының жеңімпазы Рүстем Қайыртайұлы қатысты.

«Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры Ринат Заитов осындай патриоттық әндер кешін жыл сайын өткізуді ұсынды. Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, оларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарды табыс етті.

回到顶部