今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда жарылған жылу құбыры қашан қалпына келтіріледі

7 十二月 2021 16:21

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жылу құбыры жарылған Рысқұлов көшесінде қалпына келтіру жұмыстары әлі жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Апат болған жерде «Алматы жылу жүйесі» мекемесінің бригадасы жұмыс істеуде.

Компания мәліметінше, апат болған аумақта ыстық су желіден ажыратылды. Ақауды кешкі сағат 22:00-ге дейін қалпына келтіру жоспарланған.

Қала тұрғындары жөндеу жұмыстары жүріп жатқан аумақты видеоға түсіріп әлеуметтік желіге салып жатыр.

Видеожазбадан Рысқұлов көшесінің батыс бағытқа қарай жабылғанын көруге болады.

Еске салайық, бүгін 7 желтоқсан күні Алматыда Рысқұлов пен Жансүгіров көшелерінің қиылысында ыстық су құбыры жарылды.



回到顶部