今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда жанар-жағармай бекетінде мотоцикл өртенді

16 九月 2021 17:33

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жанар-жағармай бекетінде мотоцикл өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өрттің видеосы әлеуметтік желіде тарады.


Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті атап өткендей, өрт Төле би-Тілендиев бойындағы жанармай құю бекетінен шыққан.
«16 қыркүйекте 16:30 минутта «101» пультіне арызданушы мотоцикл жанғаны туралы, артынша өздері сөндіргенін, өрт сөндіру техникасы қажет емес екенін айтты»,- деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
回到顶部